Қазақстандық дирижер 14 елдің оркестрін басқарды

Қазақстандық дирижер 14 елдің оркестрін басқарды

Қазақ дирижері 1500 музыканттан жасақталған әскери оркестрді басқарды. ҚР Президенттік оркестрінің дирижері Талғат Бердіқұлов Мәскеуде өткен «Спасск мұнарасы» фестивалінде 14 елден келген әскери оркестрге басшылық етті.

 

Талғат Бердіқұлов басшылығымен халықаралық әскери оркестр «День победы» әніне жазылған маршты орындады. Еске сала кетейік, «Айбын» Президенттік полкінің Құрмет қарауылы мен оркестрі Мәскеуде өткен «Спасск мұнарасы» фестиваліне бесінші рет қатысып, көрермендердің ерекше қошеметіне бөленді. Биылғы әскери музыкалық сайыс Жеңістің 70 жылдығына арналды.

 

Валерий ХАЛИЛОВ,  РФ БАС ӘСКЕРИ ДИРИЖЕРІ:
- Талғат Бердіқұлов басқарған өнер ұжымы  фестивальге қатысушылардың, көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, ерекше өнерімен есте қалуда. Мәскеуліктер Қазақстаннан келген оркестрді жақсы көреді. Талғат бұл оркестрдің символына айналды.

 

Сурет: www.stihi.ru