Астанада «Қымыз мейрамы» өтіп жатыр

Астанада «Қымыз мейрамы» өтіп жатыр

Астанада қымызмұрындық мейрамы өтіп жатыр. Көнеден келе жатқан мейрамға еліміздің әр аумағынан күбі-күбі қымыз әкелінді. Ықылым заманнан бері ұлттық сусынның 92-түрі болған. Бүгінге, оның тек 40-ы жеткен. Осы фестивальде жұртшылыққа қымыздың 13 түрі ұсынылуда. Көпшілік бүгінге дейін білмей келген сусын түрлерінен дәм татып, қымыздың тарихымен де танысты.  Ал жігіттер жағы қымыз ішуден сайысқа түсіп, думанның көрігін қыздырды.

 

Әмина ҚАЗКЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
- Мысалы, алма қымыз дегенде біз сауытқа салып қоямызда алмаларды турап, 11 күн соның ішінде ұстаймыз, сақтаймыз. Сосын оны ішетін болсаңыз алманың бойынан өсіп шыққан дәм тәрізді. Сары қымыз дегеніміз күбінің түбінде екі күн сақтаулы болады.

 

Серік ЕРҒАЛИ, ЭТНОГРАФ:
- Қымызмұрындықтың үлкен рәсімі болған. Оның атауы содан қалған. Мұрынды шараға батырып тұрып жарысқан. Себебі, жаз жайлы болсын, мал көп болсын деген нешетүрлі ғұрыптар болған.

 

Сурет: www.azattyq.mobi