Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 130 кітап жарық көрді

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 130 кітап жарық көрді

Жыл басынан ғана қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 130 кітап жарық көрді. Бүгін ұлттық академиялық кітапханада жаңа еңбектердің таныстырылымы өтті.  Парсы дерек көздерінен  Мұхамед Хайдар Дулати жинақтары қайта басып шығарылған. Сондай-ақ Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер»  трилогиясы 36 мың данамен жаңадан таралымға жіберілді. Жалпы «Қазақ хандығынан-Мәңгілік елге» атты көрмеге төл шежіремізден сыр шертер  600-ге тарта кітап қойылған. Құнды рухани мұралар 23 елден келген ғалымдар мен саясаткерлерге таныстырылды. Айта кететін жайт, кітаптардың негізгі дені қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде басып шығарылған. Сондай-ақ, «Мәңгілік Ел» ғылыми –тәжірибелік конференциясына қатысқан шетелдік меймандарға қазақ тарихы кеңінен насихатталды.

 

Михаил МОЛЧАНОВ, СЕНТ-ТОМАС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, САЯСАТТАНУШЫ КАНАДА:
- Қазақ хандығының 550 жылдыңғын атап өту Қазақстан үшін аса маңызды шара бірі екенін айтқым келеді. Бұл мерей той әлем көз тіккен қазақ елінің тарихымен танысуға жол ашып отыр. Бізде көбіне Еуропаның тарихына көңіл бөлінеді. Мен өз дәрістерімде Орталық Азия елдерінің бай шежіресін баяндауға ден қоямын. Сіздердің елге жасаған сапарым зая кетпейтін болады. Студенттеріме Қазақстанның тарихын танытатын мол мағұлмат жинадым.

 

 

Сурет: www.andreiparabellum.com