Омбы мұрағатынан құнды құжаттар табылды

Омбы мұрағатынан құнды құжаттар табылды

Семейдегі Абай Құнанбаевтың республикалық қорық-мұражайынан жағымды жаңалық жетті. Ұлы Абайдың баласы Тұрағұлдың 1900-жылы 7-қазанда Семей губерниясының Шыңғыс өлкесіне болыс болып тағайындалғаны жөнінде бұйрық табылды. Бұрын еш жерде жарияланбаған, беймәлім болып келген бұл құжат Омбы мемлекеттік мұрағатынан шықты. Осындай тың дүниелерді мұражай қызметкерлері Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмеге қойды. Жақында семейлік ғалымдар мұражайдың ғылыми қорын толықтыру үшін Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Омбы қалаларында болып, мұрағаттарда зерттеу жұмыстарын жүргізіп келген болатын. Зерттеушілер «Киргизская степная газета» басылымын парақтай отырып, Абайдың басқа да балалары - Ақылбай мен Мағауияға және інісі Халиоллаға қатысты құнды деректер тапты. 

 

Жандос ӘУБӘКІР, АБАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОРЫҚ-МҰРАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

– Естеліктерде, көптеген ғылыми кітаптарда Тұрағұлдың болыс болғандығы туралы айтылмайды да және халық білмейді де. Ал енді оның Ақылбайдан кейін, Мағауиядан кейін барып, Тұрғаұлдың болыс болғандығы және 3 жылға сайланғандығы ол міне, шындығында да биылғы жылы шығып отыр. Үлкен тарихи жаңалық деп ойлаймын.

 

 

Сурет: 24.kz