Көрнекті ғалым Тұрсынбек Кәкішев өмірден озды

Көрнекті ғалым Тұрсынбек Кәкішев өмірден озды

Бүгін таңертең әдебиетші, көрнекті ғалым әрі сыншы Тұрсынбек Кәкішев өмірден озды. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Тұрсынбек Кәкішұлы барлық өмірін қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетіне арнады. Академик білікті әдебиеттанушыларды дайындауға да зор үлес қосты. 88 жылдық ғұмырында ғалым қазақ әдеби сынының даму жолдары, жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің, оның көрнекті өкілдерінің шығармашылықтары жайында жазған еңбектері баға жетпес мұра екені даусыз. Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин мен Сәбит Мұқановтың шығармалары негізінде ғылыми зерттеулер жүргізді. Қазақстан Жазушылар одағының Сәкен Сейфуллин атындағы сыйлығының иегері. Халықаралық Айтматов академиясының академигі. Ғалым «Парасат» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

 

Дулат ИСАБЕКОВ, ЖАЗУШЫ:
- Алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер. Кезегімен өлінер, баяғыдай көрінер деп Абай айтқандай бұл кісіде о дүниелік болып кетті. Ол кісімен бірге бір дәуірдің ойы, бір дәуірдің энциклопедиясы, бір дәуірдің ойы менен жемісі бірге кетіп бара жатыр. Әйтеуір көңілімізді жұбататын нәрсе ойындағысың көбісін жазып бізге тастап кетті.

 

Сурет: turkystan.kz