Миланда «Ұлы Ана» көрмесі ашылды

Миланда «Ұлы Ана» көрмесі ашылды

Миланда «Ұлы Ана» атты көрме ашылды. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі 20 мұражайдан жиналған барлығы 400-ге тарта туынды  ана тақырыбына арналған. Ұйымдастырушылар бұл бірегей шараға  екі жыл дайындық жұмыстарын жүргізген. Бар болғаны екі күннің ішінде көрмені тамашалауға бір жарым мың адам жиналған. Патшалар сарайындағы 29 залдың барлығына көздің жауын алар бірегей суреттер қойылған. Әрқайсысы ананың бейнесін, жан дүниесін көрсетуге тырысады.

 

Беатриче ТРУССАРДИ, НИКОЛА ТРУССАРДИ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
- Бұл көрме ана тақырыбына ғана байланысты емес. Өмір жолында кей арманын жүзеге асыра алмаған жандар туралы да. Мысалы, көрмеге қатысушы авторлардың көбі суретші атану үшін ана болу бақытынан бас тартқан.

 

Нари Ворд Нью-Йорк көшелерінен ел керексіз етіп, лақтырып тастаған балаларға арналған 280 арба жинап шыққан. Олардың әрқайсысы шығармашылық туындыға арқау болды. 

 

Сурет: www.svoiludi.ru