Астанада «Кешегі мен бүгіннің сабақтастығы» атты көрме ашылды

Астанада «Кешегі мен бүгіннің сабақтастығы» атты көрме ашылды

Тұңғыш Президент мұражайында қазақстандық суретші Анар Әубәкірдің жеке көрмесі ашылды. Онда жас қылқалам шеберінің  «Кешегі мен бүгіннің сабақтастығы» тақырыбы аясына топтастырылған 20 -дан астам туындылары қойылған. Кескіндеме өнерінің магистрі атанған Анар қазақ халқының эпикалық нышандарын бейнелеуге ден қойып жүр екен. Сондықтан  осы сарында өзіндік қолтаңбасы бар, ұлттық нақышта жазылған еңбектерін жиып әкелген.  Көрме алдағы қазан айының 5-не дейін жалғасады.

 

Анар ӘУБӘКІР, ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Биыл Ұлы Абайдың 170 жылдығы. Сондықтан бұл көрмемді қазақтың бірінші ақынына арнап отырмын. Маған әсіресе Абай әндерінің әуені, ырғағы қатты ұнайды. Оның шығармашылығын зерттей отыра өзімнің ойымды ақ қағаз бетіне түсіруге тырыстым. Нәтижесі бүгінгі көрмеге шығарылды.

 

Жеңіс КӘКЕНҰЛЫ, ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Бұрыннан қалыптасып келетін стилдерден бөлек өзінің қазақтың қоңыр ұғымына жақындағанының бір үлгісі. Қазақта қоңыр өлең,ал-қоңыр, күйдегі қоңыр сарынмен қолөнерін астастыра біліп келе жатыр. Көк бөрі ұғымын суретшілер көп іздеп табалмай жүрсе, бұл қыз басқаша бір тәсілмен көрермендерге алып келді.

 

 

Сурет: www.nv.kz