Тұңғыш рет этноникалық мәдениет фестивалі өтуде

Тұңғыш рет этноникалық мәдениет фестивалі өтуде

Астанада түбі бір  халықтардың тұңғыш этникалық мәдениет фестивалі өтуде. Өзбекстаннан бастап Сирияға дейінгі 16 елден келген әртістер 3 күн бойы вокал, хореография және музыкалық аспаптар жанрында өнер көрсетпек. «Мақсат – тіл мен мәдениет арқылы ұлтаралық келісімді нығайту»,- дейді ұйымдастырушылар. Фестиваль Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған.

 

Сапар ЫСҚАҚОВ, ФЕСТИВАЛЬ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

- 9-12 ғасырларда Шыңғыс ханның шабуылына дейін Дешті Қыпшақ деген ел болған. Алтайдан Дунайға дейін. Сол Қыпшақтың даласында жатқан елдерден шақырдық.

 

Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар қазақтың халық әндері мен қазақ композиторларының туындыларын орындамақ. Ал екінші турда өз тілдеріндегі  әнді шырқайтын болады.

 

Гульсум ТАМАК, ҚЫРЫМНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ:

- Маған Қазақстаннан бірнеше ән жіберілді. Соның арасынан «Бұлбұлым» туындысын таңдадым. Әнді өз қырымыздан өзгеше өңдеп,  байқауға 1 ай бойы дайындалдық. Қазақ тілі біздің тілімізге ұқсас. Сондықтан әнді орындау айтарлықтай қиын болды деп айта алмаймын.

 

Орындаушылардың шеберлігін бағалайтын қазылар алқасының құрамына ақындар, композиторлар мен мәдениет қайраткерлері еніп отыр. Жеңімпаздар 4 қыркүйек күні марапатталмақ. 

 

 

Сурет: assembly.kz