Ұлттық мұражайда Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі Вячаслав Михайловтың көрмесі ашылды

Ұлттық мұражайда Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі Вячаслав Михайловтың көрмесі ашылды

Ұлттық мұражайда Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі Вячаслав Михайловтың жеке мерейтойлық көрмесі ашылды. Онда қылқалам шеберінің 90-ға тарта тундысы қойылған. Негізінен «Гафикалық» және «Келбеттер» топтамасындағы кескіндемелік жұмыстарын тамашалау мүмкіндігі жасалыпты. Еңбектердің дәстүрлі бейнелеу өнері тәсілдерінен ерекшелігі оргалит, левклас және құм негізіндегі бірегей техникамен жазылуында дейді автор.  200-ден астам көрме ұйымдастырған  танымал суретшінің Қазақстанға алғашқы сапары «Әлемдік мәдениет және заманауи кескіндеме» жобасы аясында жүзеге асып отыр.  Көрме алдағы қазан айына дейін жалғасады.

 

Вячаслав МИХАЙЛОВ, РФ ЕҢБЕК СІҢІРГЕКН СУРЕТШІСІ:
- Бұл көрмеге соңғы 25-30 жыл ішінде жазған таңдаулы еңбектерімді әкелдім. Оншақтысның әлі бояуы кеппеген деп айтуға болады. Әзірге еш жерде жарияланбаған бұл туындыларды қазақстандықтар алғаш болып тамашалайды. Көрмеме берілген залдың мүмкіндіктері көңіліме аса жағып отыр.  Жұмыстарымның жан-жақты ашылуына бар жағдай жасалған.  

 

Сейсенхан МАХАМБЕТ, ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:
- Бүгін Вячаслав Михайловтың көрмесін көре отырып көп мүмкіндіктерді байқадық. Өйткені мұнда өте қызықты композициялар бар. Үлкен философиялық ойлар жатыр. Бояу жағудағы түр-түсті өте әдемі қанық шендестіріп берудегі терең өзіндік қолтаңбаларын көруге болады.

 

Сурет: art-sch2010.narod.ru