Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына 100 жыл

Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына 100 жыл

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының құрылғанына биыл 100 жыл. Ғасырлық тарихы бар мәдени ошақ құнды жәдігерлерге бай. Солардың бірқатарын мұражай қызметкерлері жұрт назарына ұсынды. «Мұражайлық серуен» деп аталатын шара кезінде өткен ғасырға саяхат жасалды. Сол кезеңдегі киім үлгілерін киген қыз-жігіттер, тұрмыс-салт жабдықтары ас-тағам мәзірін, халықтың көне тірлігін көз алдыңа әкеледі. Сондай-ақ, жұртшылық назарына қолөнер туындыларының жәрмеңкесі, түрлі ұлттық ойындар, цирк қойылымдары ұсынылды. 

 

Нағима ОТАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Мұражайдың 100 қадамы деп аталатын іс-шаралар ұйымдастырылған. Соның жалғасы іспетті бүгін осындай шараны өткізіп отырмыз. Мұражай қызметкерлері 20-шы ғасырдың басындағы осы қала тұрғындарының киімдерінің үлгілерін көрсетіп және осы көне қаланың ескі құпияларымен, алып-қашпа әңгімелері жайында сөз қозғамақ.

 

 

Сурет: khabar.kz