Шымкентте ұлттық бұйымдар көрмесі өтті

Шымкентте ұлттық бұйымдар көрмесі өтті

Шымкентте өнердің сан түрін меңгерген шеберлер ұлттық бұйымдар мен кәдесыйлар көрмесін өткізді. Былғарыдан жасалған киімнен бастап қолөнердің шыңы саналатын зергерлік бұйымдарға дейінгінің бәрі осында.

 

Қыл қобыздың қоңыр үні көрмені тамашалай келгендерді еріксіз өзіне үйіріп алды. Ұлттық аспаптарды жиде мен қайың ағашынан шауып жасайтын Амангелді ұстаның әрбір бұйымының өзіндік мәні бар. Тіпті жыл атауларын иемденген аң-құсты да ағаштан бейнелепті.

 

Амангелді ЕЛЕПБЕРГЕНОВ, ШЕБЕР:

- Біздің халықтың өнеріндей өнер еш жерде кезікпейді. Мен елеген теріні ешкі елей алмайды. Одан оқ та су да өтпеуі керек. Қазақ бұрын кимі теріден болған,тоқып киген. Соның бәрі қазақ өнері кітапта қалай өңделетіні еш жерде жазылмаған.

 

Ал қазақтың көне қолөнерін дәріптеп жүрген Бейісбековтер әулетін жұрт жақсы біледі. Бір отбасындағы 7 жан киізден түрлі жасау жасап, тұскиіз тоқиды, сурет салады, ер-тұрман соғады. Шеберлердің  ұшқыр қиялынан туындаған  әрбір  дүниеде  қазақ халқының тың тарихы, салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы үйлесім тапқан.

 

Күләш АЙДАРБЕКОВА, ШЕБЕР:

- Халыққа көрсету үшін кілемнің кішірегін алып келдім.Ыңғайлы көтеріп келгенге. Бұл жерде қазір мен шатыр гүлін салып жатырмын. Алашаға салатын оюлар бар түсарша сырға.Табиғи жүн мен барлығы табиғи болғандықтан, мұны төсесе де іліп қойса да барлық жерге жарай береді.

 

Ғасырлар бойы атадан балаға мұра боп қалған қолданбалы өнерді насихаттаушылар көрмені тамашалай келгендерге көне бұйымдардың жасалу тәсілін де үйретіп жатты.

 

 

Сурет: baq.kz