«МузАрттың» жігіттері уәдесінде тұра ма?

«МузАрттың» жігіттері уәдесінде тұра ма?

Өнер адамдарының, әсіресе сахнада ел алдында жүрген жандардың әр басқан қадамы жіті назарда екені белгілі. Соны жақсы білетін әншілер халыққа еркелеп не істемей жатады десеңізші... Кім шашын тақырлап алдырмай жатыр, десе де МузАрттың жігіттері үшін бұл үлкен мәселе екен. Олар сондай «қадамға» барғалы жатқанын арнайы мәлімдеп, әлеуметтік желіге салыпты. 

 

«Танымал «МузАрт» тобының әншілері шаштарын тықырлап алып тастауға халыққа уәде берді. Бұл туралы топ мүшелері өздеріңің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларында хабарлады», деп жазады жұлдыздар өмірі туралы жазатын baistars.kz сайты.

 

«МузАрт» тобының 15 жылдық мерейтойынан кейін бәріміз шашымызды сыпырып, тақырлап алып тастауға келісіп, қол қойып жатырмыз», - дейді танымал әнші Сәкен Майғазиев. 

 

 

Мәтін: inform.kz

Сурет: www.xmusic.kz