«Қазақ хандарының жолдарымен» экспедициясы

«Қазақ хандарының жолдарымен» экспедициясы

Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі қарсаңында «Қазақ хандарының жолдарымен» атты жобасы жүзеге асырылды. Ғылыми экспедицияның бағыты Қарағанды, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағымен өтті. Мемлекет тарихы институты өкілдерінің айтуынша, елбасының бұйрығымен бекітілген бұл жоба тарихи жерлерді танып-білуге үлкен мүмкіндік берді.

 

Бүркітбай АЯНҒАН, МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Экспедиция 4 адамнан тұрды. Жалпы жолда 9 күн болдық. Арнайы Алматыдағы Керей мен Жәнібек ескерткішінің алдынан шығып, Ақорданың жанынан өтіп, бірінші барған жеріміз Ұлытау болды. Ұлытау аймағында көргеніміз Жошы мен Алаша ханның кесенелері, Домбауыл ескерткіштері. Оларды  суретпен видеоға да түсіріп алдық. Ұлытаудың ортағасырлық Едіге мен Тоқтамыстың тауларында да болдық. 04.18

 

Жобаға жастар да қатысты. Олар тарихи жерлерді өз көздерімен көріп, зерттеулер жасауға мүмкіндік алды.   

 

Айбар АБИЛЕВ, МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИСТИТУТЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМЫ:

- Бұл - Қазақстан бойынша ұйымдастырылып отырған алғашқы экспедиция. Соның құрамында жас ғалым ретінде өзім болғандықтан, ерекше әсер алғаным белгілі. Сонымен қатар бұл экспедиция барысында мен үшін ең қызық болғаны - кезінде ата-бабаларымыз жүріп өткен жерлердің шақырымын есептеу. Сондай-ақ, осы Сығанақ, Сауран жерлерінде ортағасырлық мешіттердің табылуы өзім үшін қызық болды.

 

«Қазақ хандарының жолдарымен» экспедициясының қорытындысы 11-қыркүйекте Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылатын конференцияда баяндалады.

 

 

Сурет: bnews.kz