«Bala Turkvizyon» байқауының жартылай финалына қатысушылар «Жұлдызды үйде»

«Bala Turkvizyon» байқауының жартылай финалына қатысушылар «Жұлдызды үйде»

Қазақстанда тұңғыш рет өткелі отырған «Бала түрквижн Қазақстан» байқауының жартылай финалына шыққандар Алматыдағы «Бөбек» жұлдызды үйіне жиналды. Аймақтардан іріктелген 20 өнерпаз  17-ші  қыркүйекте Астанада өтетін ұлттық финалға дайындалады. Қазақстанның танымал эстрада жұлдыздары екі апта бойы балаларға хореография, вокал бойынша шеберлік сабақтар өткізеді. «Жұлдызды үйде» сазгерлер жас өнерпаздар үшін жаңа ән жазбақ.  Ақтық сында орындалатын туындылар байқау аяқталған соң дискіге жазылып, мектептер мен балабақшаларға таратылады. Айта кетейік, «Бала түрквижн Қазақстан» халықаралық балалар байқауы - Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының жобасы. Үздік шыққан жас дарын желтоқсан айында Стамбулда өтетін «Бала Түрквижн» Халықаралық байқауының гранд финалында еліміздің намысын қорғайды.

 

Камшат ЖОЛДЫБАЕВА, ӘНШІ, ТӘЛІМГЕР:
- Аружан сіңіліме өте сенімдімін. Өте талантты қыз.Ең бастысы тек қана жақсылыққа сеніп,бүкіл еңбегімізді салатын болсақ ортаға нәтижиеде жақсы болады деген ойдамыз.

 

Сурет: www.zhandanu.com