Шымкентте «Арыс жағасындағы» VI ретро-фестивалі өтті

Шымкентте «Арыс жағасындағы» VI ретро-фестивалі өтті

Шымкентте "қазақ вальсінің патшасы" атанған Шәмші Қалдаяқовтың 85 жылдығына арналған "Арыс жағасында" атты 6-шы ретро - фестиваль болып өтті. Онда қазақ эстрадасының жұлдыздары сонау 80-ші жылдары сәнге айналған, талай жүректі тербеген әндерді шырқады. Шараға қазақтың белгілі компазиторлары да келді. Сондай-ақ әні дархан елдің әнұранына айналған Шәмші Қалдаяқов ағамыз жайлы естеліктер айтылды. Ұлы сазгердің есімімен аталатын гүлзарда өткен «Арыс жағасында» ретро -фестивалінде халық сүйіп тыңдайтын және көп шырқалатын 40 -қа жуық ән орындалды.

 

Нұрғали НҮСІПЖАНОВ, ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

- Әрбір шыққан әнің сол шыққан күні үйреніп алып, сол радио телевидениеде айтып, студенттер аудиториясыңда шырқап жататынбыз. Шәке мен жастар күн сайың кездесу жасайтын сол мына творчествосына байланысты  қазақ әндерінің  жалпы қазақ әндерінің негізін лирика әндерінің мына қалыптасуына сол 60-шы жалдардан бастап қанат жайды деп айтуға болады. Соның қанат жайуна Шамші-ағамыздын творчествосы  бірден бір көмек болды.

 

 

Сурет: ru.ontustik.gov.kz