І.Есенберлин жайлы жаңа кітап жарық көрді

І.Есенберлин жайлы жаңа кітап жарық көрді

Ақмола облысында Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін жаңа кітап жарық көрді. Тарихшы Амангелді Қашқынбаев туындыны жазушының 100 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырыпты. Аталған кітап «Ұлы дала» тарихи топтамасына кіреді. Ондағы деректер Есенберлиннің туыстарынан, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік мұрағаттарынан алынған. Төрт жүз беттен тұратын кітап әзірге тек қазақ тілінде жарық көрді. Сонымен қатар, биыл жазушының туған жері -Атбасар қаласында да ескерткіш бой көтермек.

 

Амангелді КАШҚЫНБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Бұл енді мыңның көлемінде шығады. Сонымен қатар, бұл кітап орысшаға да аударылып жатыр. Сонда орыс, қазақ тілдерінде 2 мың дананың төңірегінде шығуға тиіс бұл кітап деп ұйымдастырып отырмыз. Ілияс Есенберлин тек қана жазушы емес немесе тарихшы жазушы емес, ол өте көп ойланып, толғанып жүрген адам. Елінің, жерінің тағдыры жөнінде.

 

Сурет: www.andreiparabellum.com