Жаңа фильмде Елбасының ролін Берік Айтжанов сомдайды

Жаңа фильмде Елбасының ролін Берік Айтжанов сомдайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ролін енді қазақстандық танымал актер Берік Айтжанов сомдайтын болады.

 

Берік Айтжанов алдын Ахан Сатаевтың “Ағайындылар” телехикаясында ойнаған рөлі арқылы көпшілікке танылған. Ол сондай-ақ, 2011 жылы "Ликвидатор" фильмінде басты рөлді сомдаған. Одан кейін "Мың бала", "Параллель әлемдер" сынды үздік фильмдер мен "Тракторшының махаббаты" телехикаясында ойнайды. Ресейлік режиссер Егор Кончаловскийдің "Возвращение в А" фильмінде Айтжанов басты кейіпкердің жас кезін сомдаған болатын. Ал, «Жоюшы» фильміндегі ол Арсен ролі үшін 2011жылы «Құлагер» сыйлығына ие болды.

 

Естеріңізге салсақ, Елбасы жайлы кинотуынды Алматыда түсіріліп жатыр. «Жұлдыздар осылай жанған еді»  деп аталатын бұл туындының режиссері ресейлік Сергей Снежкин. Аталмыш киноға еліміздің танымал актерлері таңдалып алыныпты. Берік Айтжановтан басқа, Азамат Сатыбалды, Ғани Құлжанов, Еркебұлан Дайыров та түсірілім алаңында тер төгуде.

 

Айта кетейік, Елбасының өмірі жайындағы киноэпопеяның төртінші бөлімі өткен жылдың желтоқсанында көрсетілді. Оған дейінгілері «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен» және «Теміртау» деп аталған болатын. Елбасының ролін қазақтандық актер әрі әнші Нұрлан Әлімжан сомдаған еді.

 

 

Ақпарат көзі: baq.kz