COVID-19 кезінде Орталық Азияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету

COVID-19 әсерінен туындаған жаңа жаһандық сын-тегеуріндер кезінде Орталық Азия аймағындағы тұрақты дамуды қамтамасыз ету қамында өзекті мәселелерді талқылау үшін коммуникативті алаң құру. Елордада дәстүрлі  жыл сайынғы 4-ші халықаралық онлайн-конференцияның жұмысы басталды. Трансшекаралық су рессурстары, экология, денсаулық сақтау мен білім беру және мемлекеттік басқару жүйелерін жетілдіру тақырыптары биылғы пікір-талас алаңының өзегіне айналмақ. Қатысушылардың географиялық аясы кең екенін ерекше айта кеткен жөн. Онлайн байланысқа Солтүстік Америкадан Еуропаға дейін, ТМД, Кавказ және Орталық Азия мен  АСЕАН елдерінің ғалымдары мен сарапшылары шығады. Сала мамандары екі күн қатарынан қатысушыларды өз зерттеулерінің нәтижелерімен таныстырып, өзара тәжірибе бөлісіп, пікір алмасады. Сондай-ақ, әріптестік қарым-қатынастарын жақсартатын болады.

АЗИЗ БҰРХАНОВ,  НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖОҒАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ МЕКТЕБІНҢІ АССИСТЕНТ ПРОФЕССОРЫ:

 - Ортақ тақырып – COVID-19 пандемиясының әсерінен барша әлем үшін туындаған жаңа жаһандық сын-тегеуіріндер. Біздің конференцияның басты артықшылығы түрлі салалардың үздік  мамандары мен академиялық зерттеу бағытының жетекші ғалымдары өзара  пікір алмасып, ортақ жобаларымен бөлісе алатын бірыңғай алаңның құрылуында екенін ерекше атап өткім келеді. Ғалымдар біршама уақыт бойы қоғам үшін белгілі сала үшін маңызы зор тақырыптарда зертеу жүргізген еңбектерінің нәтижелерімен, сараптамалық мәліметтерімен көпшілікті таныстыра алады.

 

Фото: sib-science.info