Сооронбай Жээнбеков халыққа үндеу жариялады

Сооронбай Жээнбеков халыққа үндеу жариялады

Бішкекте тәртіпсіздік басылды. Қырғызстан парламенті алдындағы алаңда халық қарасы көп, дегенмен құқық қорғау орындарының өкілдері көрінбейді. Өрт сөндірушілер Парламент ғимаратындағы отты сөндіріп, алаң тазартылуда. Ыстықкөл, Талас және Нарын облыстарының губернаторлары өз еркімен отставкаға кеткені мәлім болды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, шерушілер Ұлттық сенім үкіметін құруға ниетті. Ал Президент Сооронбай Жээнбеков халыққа үндеуін жариялады.

Сондай-ақ, Қырғызстандағы коммерциялық банктерге жұмысты уақытша тоқтату жөнінде кеңес берілді. Бұған қоса елдегі тәртіпсіздіктерге байланысты мектептер қашықтан оқыту режиміне көшірілді.

 

Фото: 24.kz


×