USAID Орталық Азияның энергетика секторындағы ынтымақтастықты нығайту бағдарламасын іске қосты

USAID Орталық Азияның энергетика секторындағы ынтымақтастықты нығайту бағдарламасын іске қосты

Орталық Азияның аймақтық энергетика секторындағы ынтымақты нығайту. Халықаралық даму агенттігі (USAID) жаңа бесжылдық аймақтық энергетикалық бағдарламаның іске қосылуы туралы жариялады. Power Central Asia, яғни «Орталық Азияның қуаты» атты жобаның құны 38,9 миллион  долларды құрайды. Ол өңірдің бес елі - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан мемлекеттеріне ұлттық энергетикалық басымдықтарына қол жеткізуде, энергетикалық ресурстарды трансшекаралық сауда-саттықтан экономикалық пайда алуда және аймақтық энергетикалық қауіпсіздікті арттыруда көмектеседі.

Бағдарлама елдердің үкіметтеріне, коммуналдық кәсіпорындарына және ішкі энергетикалық нарықтағы реформаларды әзірлеуде мүдделі басқа да тараптарға көмектесетін болады. Аймақтың дәстүрлі және жаңартылатын қуат көздерінен таза энергетикалық технологиялардың әлеуетін арттырып, кең ендіруге сеп болмақ. Бұған қоса, қуат өндірудегі қажеттіліктерді су ресурстарын басқарудың басқа басымдықтарымен теңдестіруге, сондай-ақ, USAID бағдарламасы барысында құрылған құпия деректердің қауіпсіз басқарылуын қамтамасыз етуге көмектеседі. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін халықаралық даму агентігі бірқатар жергілікті және аймақтық серіктестермен жұмыс істейтін болады.

Осы орайда айта кетерлігі, соңғы онжылдықтың ішінде USAID ұйымы Орталық Азия елдеріндегі экономикалық тұрғыдан алғанда тіршілікке икемді нарықтық аймақтық қуат жүйесінің іргетасын қалауда қолдау көрсетті. Сондай-ақ, жаңартылатын қуат көздерін дамыту, қуат тиімділігін арттыру, энергетикалық секторды сандық жүйеге көшіру және кибер қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін нормативтік-құқықтық базаны нығайту бағытында жұмыс істеді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: kz.usembassy.gov


×