Орталық Азия елдеріндегі COVID-19: КВИ екінші толқынына дайындық және шекаралардың ашылуы

Орталық Азия елдеріндегі COVID-19: КВИ екінші толқынына дайындық және шекаралардың ашылуы

Қырғызстан коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындалып жатыр. Республика Денсаулық министрлігінің хабарлауынша, елде індет қайта өршіген жағдайда медициналық бетперделер, костюмдер мен дәрі-дәрмектердің жеткілікті қоры әзірленген. Сондай-ақ, қатерлі дерт жұқтырған науқастарды емдеудің сапасын арттыруға ден қойылады. Қазіргі таңда түрлі бейіндегі дәрігерлер мен медицина қызметкерлері тұратын,  арнайы топтар құрылып жатыр. Бірінші топқа 28 маман біріктірілді. Олар тренингтерден өтіп, ауру жұқтырған адамдарға кешенді көмек жасайтын болады. Жалпы, ел бойынша бұндай 50-ге тарта топ жасақтау көзделіп отыр.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қырғызстанда коронавирус жұқтырудың 167 жаңа дерегі анықталды.  Жалпы елде қатерлі індетпен 46522 адам тіркелген. 42 761 науқас ауруынан толығымен айығып шықты. 

Өзбекстанның билігі 1 қазаннан бастап ел аумағына авто, әуе және теміржол көлігімен кіруге қатысты шектеулерді алып тастауға ниетті. Тек барлық карантиндік- санитарлық талаптар барынша ескеріліп, қатаң сақталуы тиіс.  Бұндай Өзбекстанның коронавируспен күрес бойынша арнайы комиссиясы осындай шешім қабылдады. Халықаралық  және теміржол рейстері арқылы келген жолаушыларға індеттің алдын алуға қатысты 31 тамызда шыққан уақытша қаулы ережелерін орындау талабы қойылады. Ал автожолдар арқылы  Қазақстан, Түркменстан, Тәжікстан және Ауғанстан аумағынан кірген азаматтарға өткізу бекеттерінде коронавирусқа ПТР тестін, экспресс-тест немесе антиденелерге сынақ тапсыру міндетті болады. Кейін олар күнге қонақ үйге немесе үйіне карантинге жіберіледі. 

Елде бір тәулікте 477 адамда коронавирус белгілері қуатталған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметнше, бүгінге дейін 55 878 адам қатерлі індет жұқтырған. Тағы 501 науқас ауруды жеңіп шықты. Жалпы, 52 466 өзбекстандық дертінен толық айыққан.

Ал Тәжікстанда қатерлі індетке шалдыққандардың саны азайып барады. Бұл жөнінде денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Эмомали Мирзоев мәлімдеді. Оның айтуынша, қыркүйек айының басынан коронавирус инфекциясын жұқтырудың көрсеткіші  28-30 адамды құраған. Өткен тәулікте 39 адамнан қатерлі індет анықталды. Елде барлығы 9 685 дерек тіркелген. Оның 8 483-і емделіп шықты.

Ал Түркменстанда коронавирустың бірде бір жағдайы тіркелген жоқ.

 

Фото: 112.ua