COVID-19: Орталық Азия аймағындағы ахуал

COVID-19: Орталық Азия аймағындағы ахуал

Азияның даму банкі мен ЮНЕСИФ Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігіне COVID-19 анықтауға арналған тест реагенттері мен бірқатар қорғаныс заттарын табыстады. Олардың қатарында 71,1 мың медициналық комбинезон мен 8 мың бахила бар.

Аталмыш елде коронавирус инфекциясын жұқтыру деректері өсіп келе жатқанын айту керек. Тек өткен түнде ғана 230 адамда қатерлі індет расталды. Бүгінгі таңда елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше дерт анықталған жағдайлар 45 мыңнан асқан. 42 мыңнан астамы дертінен толықтай айығып шықты. Өкінішке орай 368 науқас ауру салдарынан көз жұмған. Жалпы ел бойынша 2,5 мың өзбекстандық қатерлі дерттен ем алып жатыр.

Қырғызстанның барлық санаттағы дәрігерлері коронавирус инфекциясының  екінші толқынына сақадай сай отыр. Елдің премьері Құбатбек Борановтың айтуынша, ақпан айының басынан бері инфекционистер, вирусологтар және зертханашылармен қатар өзгеде санаттағы медицина мамандары қайта даярлық курстарынан өтіп, біліктіліктерін толықтыруда. Ел аумағында жаңа ауруханалар жаппай салынып жатыр. Бүгінде инфекция тараған күннен бастап елдің 44 684 азаматында инфекция қуатталған. Бұндай деректерді елдегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айнұр Акматова келтірді. Оның айтуынша науқастардың көп бөлігі Баткен өңірінде тіркелген. Соңғы тәулікте 151 адам сырқатынан емделіп шықты. Жалпы 40 487 науқас короновирусты жеңіп, толықтай айыққан. 1063 науқастың ауруы ушығып, өмірлерін арашалап қалу мүмкін болмаған. 

Ал Тәжікстанда соңғы тәулікте ғана коронавирус инфекцияын жұқтырудың 39 жағдайы анықталды. Жалпы 30 сәуір мен 10 қыркүйек аралығында 8 899 науқас тіркелген. Бұл жөнінде елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Олардың 7,5 мыңы қатерлі індеттен емделіп, 71 науқас көз жұмды.

Түркменстанның басшылығы елге коронавирус инфекциясы келмегенін айтады. Ресми мәліметтерге сай әлемде қатерлі індет өршігелі мұнда дерт жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: aa.com.tr