Орталық Азия елдерінде коронавирус жұқтыру жағдайлары артты

Орталық Азия елдерінде коронавирус жұқтыру жағдайлары артты

Қырғызстанда осымен үшінші апта қатарынан 200-500 ауру жұқтырған жаңа науқас анықталып келеді. Өткен тәулікте COVID-19 вирусы 511 адамда қуатталған. Елде коронавирус тіркелгелі анықталған науқастардың жалпы саны – 9358. Республикада инфекциямен күреске медициналық мамандар тапшылығы сезілуде.

Өзбекстанда бір түн ішінде 159 науқас анықталды. 10 шілденің таңындағы мәліметке сәйкес, республикада коронавирус жұқтырғандар саны 11 723 адамды құрады. Бүгіннен бастап Өзбекстанның барлық аймақтары «қызыл» аймаққа ауыстырылды. Ел Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша,  тұрғындардың жүріп-тұруына шектеу күшейтіледі. Тамыздың 1-іне дейін ел аумағында тек азық-түлік дүкендері мен дәріханеалардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Тәжікстанда коронавирус жұқтырудың 46 жаңа жағдайы тіркеліп, науқастардың жалпы саны 6 410 адамға жетті. Ресми мәліметке сәйкес, бүгінге дейін инфекция жұқтырғандардың 79% немесе 5 мыңнан аса адам аурудан айығып шықты. 54 адам қайтыс болды.

Түрікменстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары туралы ресми ақпарат жоқ. Ел аумағында 6 шілдеден бері Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының миссиясы жұмыс істейді. Сарапшылар тобы жергілікті медицина секторының COVID-19 күресуге дайындығына бағалау жүргізіп, қажет шаралар кешенін талқылауы тиіс.

 

Фото: eurasia.expert