Қазақтан мен Өзбекстан су саласындағы жол картасын бекітті

Қазақтан мен Өзбекстан су саласындағы жол картасын бекітті

Қазақтан мен Өзбекстан су саласындағы бірқатар мәселелерді реттейтін құжатты бекітті. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді.

«Ташкентке жұмыс сапары барысында Өзбекстан су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен екі ел арасындағы Су саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жол картасына қол қойдық», - деп жазды Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасында.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің хабарлауынша, құжатты бекітуге  ведомстволар арасындағы ұзақ та үздіксіз келіссөздер ықпал еткен.

«Құжат өте маңызды. Ол су саласындағы бірқатар мәселелерді реттейді. Атап айтқанда, 1991 жылдан бері салынған және қайта жөнделген су нысандарын бірлескен техникалық зерттеу мен мониторингілеуді; жоғары су қоймаларынан қосымша су тасталуын қамтамасыз етудің бірлескен шараларын қабылдауды көздейді», - деді министр.

Сонымен қатар министр жұмыс сапарымен Түркістан облысында да болды. Сапар барысында Сардоба су қоймасының бұзылуынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарымен, облыстағы каналдардың құрылысымен танысты.

«Өңірде суармалы жерлердің аумағын ұлғайту бойынша облыс бойынша 536 мың га қарқынды жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде 21 мың га қалпына келтірілуге жатады. Осы мақсатта жалпы ұзындығы 736 км жаңа арналарды, барлығы 122 арнаны қалпына келтіру және салу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде», - деп жазды Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасында.

 

Фото: azattyq-ruhy.kz