COVID-19: Орталық Азияда індетті жұқтырғандар саны 17 мыңнан асты

COVID-19: Орталық Азияда індетті жұқтырғандар саны 17 мыңнан асты

Өзбекстан COVID-19 инфекциясына тестілеу масштабын кеңейтеді. Республика президенті Шавкат Мирзиёев мұны жергілікті билікке тапсырды. Бұл шара қанша елде, қанша адам коронавирус жұқтырғанын анықтау үшін және қауіпті аурудың алдын алу мен таралуын тоқтату үшін қажет. Сонымен қатар, коронавируспен күрес жөніндегі арнайы республикалық комиссия Өзбекстандағы инфекциялық қауіптілік деңгейін қайта қарап, қажет болған жағдайда жекелеген аймақтарда карантиндік шараларды қатайтуы керек.

Соңғы мәліметтер бойынша, Өзбекстанда қауіпті инфекцияның 3300-ден астам жағдайы тіркелген. Бүгінгі күні ауруханада 644 адам ем алуда.

Қырғызстан: 300-ден аса медицина қызметкері вирусты жұқтырған

Көрші Қырғызстанда коронавирусты жұқтырған әрбір бесінші адам - ​​медицина қызметкері. Бүгінгі таңда 300-ден астам ақ халатты инфекцияға шалдыққан. Сарапшылар мұны елдегі дәрігерлердің барлығында бірдей жеке қорғаныс құралдарының жоқтығымен байланыстырады. Жалпы, бүгінгі таңда республикада 1500-ден астам COVID-19 дерегі анықталған.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, шетелдегі отандастарды елге қайтару жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда олар бұрынғы америкалық авиабазаның казармаларында карантинге жатқызылып жатыр.

Тәжікстан: 3 мыңнан аса COVID-19 дерегі расталған

Тәжікстанда тағы 166 адам қауіпті инфекцияға шалдықты. Министрліктің ақпаратына сәйкес, бүгінде республикада коронавируспен ауырған адамдардың саны – 3200-ден асты. Елде пандемия басталғалы 47 науқас вирус құрбаны атанды. Сонымен қатар аурудан жазылып шыққандар саны да артуда. бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 1,5 мыңға жуықтады. Айта кету керек, соңғы бір тәулікте 436 науқас инфекциядан айығып үлгерді.

Түркменстан – әлі де коронавирустан азат ел

Орталық Азия елдері арасында Түркменстан әлі де коронавирустан азат ел.  ДДСҰ ұсыныстарына қарамастан, бұл мемлекеттің үкіметі ресми карантин жариялаған жоқ. Барлық мекемелер әдеттегідей жұмысын жалғастыруда, тіпті университеттер мен мектептер де қашықтан жұмыс істеуге көшкен жоқ.

 

Фото: 5.ua​