COVID-19: Орталық Азия елдеріндегі ахуал

COVID-19: Орталық Азия елдеріндегі ахуал

Қырғызстанда бәр тәулікте 21 адамда COVID-19 дерегі расталды. Жалпы елде осы сағатта 1037 адам инфекцияны жұқтырған. Республикада коронавирус инфекциясы тіркелгеннен бері 709 адам аурудан жазылып шыққан. 12 науқас қайтыс болды.

Айта кетейік, Қырғызстанның ірі қалалары мен бірнеше ауданында жарияланған төтенше жағдай режимі мен комендант сағаты 10 мамырда аяқталды. Бірақ бұл өңірлерде карантин талаптары сақталады. Санитарлық-карантин бекеттері елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша алынбайды. Бір облыстан екінші облысқа кіруге болмайды. Вице-премьер-министр Кубатбек Бороновтың  айтуынша, коронавирус көп тарап жатса, төтенше жағдай режимі қайтадан жариялануы мүмкін.

Өзбекстанда соңғы бір тәулікте 23 адамда коронавирус індеті анықталды. Бүгінгі таңда елде  2509 науқаста COVID-19 жағдайы расталды. Пандемия басталғалы бері елде 10 адам коронавирустан қайтыс болды. 1988 адам кеселден айығып шыққан.

Ал, Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы 24 сағат ішінде алты адам COVID-19-дан қайтыс болды. Бұл – 30 сәуірде елде ресми коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайлары анықталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Тәжікстанда екі аптадан аз уақыт ішінде індеттен 20 адам қайтыс болды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, республикада 612 адамда коронавирус инфекциясы тіркелген.

Ал Орталық Азия елдері арасындағы Түркменстанда бір де бір жағдай тіркелген жоқ.

 

Фото: ria.ru