COVID-19: Орталық Азия елдерінде карантин режимі жеңілдетіле бастады

COVID-19: Орталық Азия елдерінде карантин режимі жеңілдетіле бастады

COVID-19 вирусы өршіп барады. Індетті  жұқтырғандар саны күннен-күнге артып келеді. Оқшаулау режимін пандемия аяқталғанға дейін ұзартуға болар еді. Алайда мұндай шешім көптеген елдер үшін үлкен экономикалық дағдарысқа әкеп соғуы мүмкін. Осыған байланысты бірқатар елдерде карантин режимін жеңілдету шаралары қолға алынып жатыр. Мұндай тәжірибені біздің елдің басшылығы қолға алып, біртіндеп мыңдаған қазақстандықтар жұмыс орындарына қайта оралуда.

«Қазақстандағы коронавирус инфекциясына қатысты еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғаны байқалады. Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын біртіндеп жеңілдетіп, біртіндеп қалыпты өмірге көшуіміз керек», - деді елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.

Өзбекстан да карантин режимін жеңілдету туралы шешім қабылдады. Елде кешеден бері көші-қон және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі жұмысқа кірісті. Сонымен қатар Жол қауіпсіздігі басқармасының тіркеу-емтихан тапсыру бөлімшелері мен әкімшілік практика бөлімдері, сондай-ақ Жол қауіпсіздігі басқармасы диагностикалық станциялары іске қосылды.

Айта кетейік, көрші республикада COVID-19 жұқтырғандардың саны 2189-ға жетті. 1405 науқас инфекциядан сауығып шықты, 10 адам қайтыс болды.

Қырғызстанда қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 843-ке жетті, 600 адам емделіп, 11-і қайтыс болды.

Бішкектегі 1 млн аса адам тұрады, сонымен қатар халық тығыз орналасқан. Осыған байланысты коронавирус инфекциясының таралу қаупі әлі де жоғары деңгейде. Егер 11 мамырдан бастап ес астанасында төтенше жағдай алынып тасталса, қала әкімшілігі белгілі бір шектеу шараларын енгізу мүмкіндігін қарастырады. Сонымен қатар, автомобильдер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын шектейтін ішкі санитарлық бекеттер құрылуы мүмкін.

Тәжікстанда карантин шараларын жеңілдету туралы айтуға әлі ерте.  Өйткені, мұнда COVID-19 вирусы енді ғана анықталып, күшейе түсуде. Бүгінгі таңда республикада 230 адам коронавирус жұқтырған, тағы үшеуі қайтыс болған.

Орталық Азия елдері арасында коронавирус індеті расталмаған жалғыз ел – Түркменстан республикасы болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Түркменстандағы кеңсесінің басшысы Паулина Карвовскаяның айтуынша, республика өз аумағын санитарлық қорғау үшін өте маңызды шаралар қабылдады және туындаған қауіпке өте жауапты қарап отыр.

Қазіргі уақытта елде Жеңіс күніне дайындық қызу жүріп жатыр. Олар оны әскери шерумен және мерекелік отшашумен атап өтпекші.

 

Фото: tengrinews.kz​