COVID-19: Орталық Азия елдерінде сауығып шыққандар қатары артып келеді

COVID-19: Орталық Азия елдерінде сауығып шыққандар қатары артып келеді

Қырғызстанда КВИ-ден бір тәулікте 38 адам жазылып, ауруханадан шығарылды. Осылайша, республикада 254 науқас кеселден айыққан. 7 адам қайтыс болды. Сонымен қатар бір тәулікте тағы 22 адамда COVID-19 дерегі расталды. Елдің бас санитар дәрігерінің орынбасары Нурболот Үсенбаевтың хабарлауынша, бір тәулікте 10 медицина қызметкерлерінде коронавирус жағдайы анықталған. Жалпы Қырғызстанда осы сағатта 612 адам инфекцияны жұқтырған. Оның 157-сі – ақ халаттылар.

Өзбекстанда да бір тәулікте вирусты жұқтырғандарға қарағанда емделіп шыққандар көп болды. Осылайша, кеше 51 адам инфекцияға шалдықса, коронавирустен жазылғандар саны 96-ға жеткен. Жалпы, елде 357 науқас аурудан айыққан. Бүгінгі таңда Өзбекстанда 1692 COVID-19 дерегі анықталған. Пандемия басталғалы бері елде 6 адам коронавирустан қайтыс болды.

Ал, Тәжікстанда прокуратураның «пневмониядан» қайтыс болған қызметкерінің отбасы карантинге түсті. Жас прокурордың мезгілсіз қазасы мен жерлеу рәсіміне көп адамды қатыстырмауы көпшілікті алаңдатып отыр. Тұрғындар елде коронавирус ауруы тарауы мүмкін деп қорқады. Сондай-ақ, марқұмның жақында шетелден оралған бір бауырының жағдайы ауыр. Ресми орындар бұл ақпаратты растамады, жоққа да шығармады. Десе де Тәжікстан билігі елде коронавирус тіркелген жоқ деп отыр.

Ал Орталық Азия елдері арасындағы Түркменстанда COVID-19 диагнозы расталған бір де бір жағдай тіркелген жоқ.

 

Фото: kp.kz