Ташкенттік студенттер коронавирусты анықтайтын маска ойлап тапты

Ташкенттік студенттер коронавирусты анықтайтын маска ойлап тапты

Коронавируспен күресте өнертапқыштар да аянып қалмауда. Өзбекстандық студенттер коронавирусты анықтайтын маска ойлап тапты. Жаңа респиратордың өзге үлгілерінен артықшылығы адамның дене қызуы, жөтел мен тыныс алу жүйесінің ауытқушылығына әсер етеді. Тіркелген мәлімет дереу автоматты түрде смартфонға жүктеледі. Мобильді қосымша түскен ақпаратты қатерлі инфекция белгілерімен салыстырып, саралайды. Егер дене температурасы шамадан тыс қызатын болса қосымша арнайы белгі береді. Қорғаныш құрылғысы бір емес, бірнеше рет қолдануға жарамды.

Әзірге ақылды бетперде тәжірибе негізінде сыналып жатыр. Тексерістен сәтті өтсе жас ғалымдар өнертабысты медициналық мекемелердің желісіне ендіруді жоспарлап отыр. Жаңашылдық халық арасында қатерлі індетті жылдам анықтауға мүмкіндік береді дейді, ташкенттік студенттер. Қазір болашақ инженерлер төл жобаларын кең көлемде жүзеге асыру үшін демеушілер іздестіруде.

 

Фото: podrobno.uz