Орталық Азиядағы ахуал: Өзбекстанда COVID-19 жұқтырғандар саны күрт артты

Орталық Азиядағы ахуал: Өзбекстанда COVID-19 жұқтырғандар саны күрт артты

Әлемде белең алған коронавирус инфекциясы да Орталық Азия елдерінде таралуда. Өзбекстанда COVID-19 жұқтырғандар саны күрт артты. Елдің Денсаулық министрлігінің ақпаратына сәйкес, коронавирус инфекциясы 1302 адамда анықталып отыр. Бір тәулік ішінде COVID-19-ды тағы 167 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Сондай-ақ 107 адам індеттен сауығып шықты, 4 адам қайтыс болды. Коронавируспен күреске 74,6 млн доллар бағытталған, деп хабарлады елдің Қаржы министрлігі.

Қырғызстанда 466 адам қауіпті дертті жұқтырған. 91 адам індеттен жазылып шықты, 5 адам көз жұмды. Айта кетейік, елде індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында әскери міндетті медицина қызметкерлері шақыртылады, деп мәлім етті Денсаулық сақтау министрі Сабиржан Абдикаримов.

Ал Түрікменстан мен Тәжікстанда COVID-19 жұқтыру жағдайлары туралы ресми мәлімет жоқ.

 

Фото: m.day.kyiv.ua