Қазақстан көрші мемлекеттерге гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстан көрші мемлекеттерге гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстан көрші елдерге гуманитарлық көмек көрсетуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қырғызстан мен Тәжікстанға жалпы құны 3 миллионнан аса долларды құрайтын 5 мың тонна ұн жіберіледі.

«Шешім халықты азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында қырғыз және тәжік тараптарының ресми өтініштеріне байланысты қабылданды», делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесу барысында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон тәжік халқына осы қиын кезеңде қолдау білдіріп, гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғысын жеткізді. Сондай-ақ ол Тәжікстан азаматтарын Отанына жеткізуге ықпал еткені және Қазақстан аумағы арқылы жүктерді тасымалдауға көмектескені үшін ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар қырғыз тарапы Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдағаны үшін шын жүректен алғыс білдірді.

«Жақын арада аталған жүктер Қырғызстан мен Тәжікстанда жеткізіледі», делінген хабарламада.

Айта кетейік, жалпы гуманитарлық көмек көрсету – Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі. Өткен жылдары Қазақстан Антигуа мен Барбуда, Ауғанстан, Бангладеш, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Мьянма, Пәкістан, Сербия, Сирия, Түркия, Жапония және тағы басқа елдерге әртүрлі көмек жіберді.

 

Фото: aa.com.tr