COVID-19: Орталық Азия елдеріндегі ахуал

COVID-19: Орталық Азия елдеріндегі ахуал

Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қатары мыңға жуықтады. Бұл туралы республиканың Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бір тәулік ішінде елде 130-дан аса азаматта коронавирус инфекциясы қуатталған. 85 адам жазылып шықты. Өзбекстан билігі, 1 сәуірден бастап Ташкентте және аймақтарда өзін-өзі оқшаулау режимін енгізген. Жасы 65-тен асқан азаматтарға үйлерінен шығуға тыйым салынды. Қазір 90 мың адам карантинге орналастырылды.

Ал Қырғызстанда коронавирус жұқтырған әрбір алтыншы адам жазылып шықты, деп хабарлайды республиканың денсаулық сақтау министрлігі. 71 адам індеттен айығып, үйлеріне жіберілген. Соңғы мәліметтерге сәйкес, республикада инфекция жұқтырғандар қатары 430-ға жетті. Вирус тағы 11 адамда анықталған. Әрбір үшінші науқастың жасы 35-ке жетпеген, соның 40-қа жуығы – балалар, 157 адамның жасы - 35-55 аралығында.

Ел аймағында коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимі, ал ірі қалаларда коменданттық сағат енгізілген.

Тәжікстан мен Түрікменстанда коронавирус жұқтыру туралы ресми мәлімет жоқ.

 

Фото: gazeta.ru