COVID-19: Орталық Азия елдеріндегі ахуал

COVID-19: Орталық Азия елдеріндегі ахуал

Қырғызстанда тағы 12 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Ведомствоның мәлімдеуінше, вирус анықталған адамдардың бәрі науқастармен байланыста болған. Жалпы қазіргі таңда елде 228 адамнан коронавирус анықталды. Төрт адам көз жұмды. Тағы 5-еуінің  жағдайы ауыр. Айта кетейік, бүгінгі таңда Бішкек, Ош, Жалал-Абад, Ош облысының Ноокт және Қара Су аудандарында, Жалал-Абад облысының Созақ ауданында төтенше жағдай және коменданттық сағат енгізілген.

Өзбекстанда инфекция жұқтырғандардың саны 457-ге жетті. Елдің денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 дерегі расталған науқастар жайлы толық ақпаратты жариялады. Осылайша, 31 науқаста пневмония белгілері анықталған. Олардың тоғызының жағдайы салыстырмалы түрде ауыр, тағы екі адамның хәлі өте нашар делінген ақпаратта.

Жалпы Өзбекстанда 30 адам инфекциядан сауығып шығып, Республикалық мамандандырылған терапия және медициналық оңалту ғылыми-практикалық медициналық орталығына жіберілді. Тағы 5-еуінің  жағдайы ауыр.

Сонымен қатар, елде 2 адам пандемия құрбаны болса, тағы екі өзбекстандық шетелде қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қазір 100 мыңнан астам адам карантинде, оның 23 мыңнан астамы ауруханаға жатқызылған.

Орталық Азия едерінің тағы екі мемлекеті – Тәжікстан мен Түркменстанда әлі күнге дейін коронавирустың бірде-бір дерегі  ресми түрде расталған жоқ.

 

Фото: vlast.kz