COVID-19: Орталық Азия елдеріндегі ахуал

COVID-19: Орталық Азия елдеріндегі ахуал

Қырғызстанда тағы 69 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Ведомствоның мәлімдеуінше, вирус анықталған адамдардың бәрі науқастармен байланыста болған. Жалпы қазіргі таңда елде 216 адамнан коронавирус анықталды. Төрт адам көз жұмды. Тағы 5-еуінің  жағдайы ауыр. 42 науқас індеттен сауғып шыққан.

Өзбекстанда инфекция жұқтырғандардың саны 390-ға жетті. 2 адам қайтыс болып, 30-ы сауығып шықты. Бұл туралы республиканың денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Айта кетейік, 1 сәуірден бастап ел билігі Ташкент пен өзге де аймақтарда өзін-өзі оқшаулау режимін енгізген болатын. Сонымен қатар, 65 жастан асқан азаматтарға үйден шығуға тыйым салынды.

Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігі Соғды облысының 60 жастағы тұрғыны көз жұмғанын растаған болатын. Соғды облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері марқұмды емдеген дәрігерлер мен оның туыстарының карантинге жатқызылғанын жеткізді. Бірақ олардан коронавирусқа алынған тест теріс нәтиже көрсеткен. Ал марқұм болған науқастан ауырған кезде анализ алынып, тест қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен.  Сонымен қатар елдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа күдікті 22 адамның тестін Лондонға жіберген, ол жақтан да теріс нәтиже келген.

 

Фото: iz.ru