COVID-19 пандемиясы: Орталық Азия елдеріндегі ахуал

COVID-19 пандемиясы: Орталық Азия елдеріндегі ахуал

Қырғызстанда коронавирустан бір адам көз жұмды. Ол – Ош облысының 61 жастағы тұрғыны. Науқас жақында шетелден келген, сонымен қатар өзінің созылмалы ауруы болған. Бүгінде елде қауіпті инфекцияға шалдыққандар саны 130-ға жетті. Бұл туралы COVID-19 вирусымен күресу бойынша республикалық штаб отырысында мәлім болды. Елде қауіпті індеттің тарлуына байланысты төтенше жағдай енгізілген.

Өзбекстанда инфекция жұқтырғандардың саны 200-ден асты. 2 адам қайтыс болып, 25-і сауығып шықты. Айта кетейік, 1 сәуірден бастап ел билігі Ташкент пен өзге де аймақтарда өзін-өзі оқшаулау режиімін енгізген болатын. Сонымен қатар, 65 жастан асқан азаматтарға үйден шығуға тыйым салынды. Ел билігі 16 наурыз бен 30 сәуір аралығында коронавирустың таралу қаупіне байланысты басқа елдермен көлік қатынасын тоқтатты. Ал 30 наурыздан 20 сәуірге дейін елдегі барлық әуежайлардың жұмысы және кез-келген әуе қатынасы, Өзбекстан ішіндегі көліктердің қозғалысы арнайы рұқсаттармен ғана жүзеге асырылады.

 

Фото: knews.kg