Орталық Азиядағы коронавирус індетінің таралуы

Орталық Азиядағы коронавирус індетінің таралуы

Қырғызстанда COVID-19 4 жаңа дерегі тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта елде коронавирус жұқтырудың 111 расталған фактісі тіркелген. Бүгінгі таңда Бішкек, Ош, Жалал-Абад, Ош облысының Ноокт және Қара Су аудандарында, Жалал-Абад облысының Созақ ауданында төтенше жағдай және коменданттық сағат енгізілген.

Ал Өзбекстанда соңғы тәулікте тағы бір адам қауіпті індетті жұқтырған. Осылайша, елде COVID-19 шалдыққандардың жалпы саны 173-ке жетті. 90 мыңнан астам адам карантинде жатыр. 2 адам қайтыс болды.  Өзбекстанның жергілікті медицина қызметкерлері күн-түн демей адам өмірін сақтап қалу үшін барынша күш жұмсауда. Жақында тағы бір әйел адамның инфекциядан сауығып шыққаны туралы белгілі болды. Қазіргі уақытта науқас оңалту орталығына жіберілген.

ХАДИЧА ШАХОБОВА, COVID-19 ЕМДЕЛІП ШЫҚҚАН:

 - Мен вирусология институтының қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін. Өз бастарын қауіпке тіксе де, 14 күн бойы бізбен бір ғимараттың астында жатып, күндіз де, түнде де көмектерін аямады. Олар – бүгінгі күннің қаһармандары.

Жалпы осы күнге дейін қауіпті инфекциядан емделген адамдардың саны 8-ге жетті. Қазір олар оңалту орталығында жатқызылған, онда вирусология ғылыми-зерттеу институтының 70-тен астам мамандары олардың жағдайын жіті бақылайды. Қауіпті індетпен күресу барысында тек соңғы 10 күн ішінде 10 медициналық персонал инфекцияны жұқтырған.

Түркменстанда билік елде қауіпті инфекцияның таралмауына жол бермеу үшін алдын-алу шараларын жүргізуде. Мұнда көліктердің жүруін шектейтін шаралар қолға алынған. Ашхабадта қызмет көрсету саласының барлық түрі, жекеменшік дүкендер мен сауда орындарының барлығы дерлік жабылды. Сондай-ақ көшелерді жаппай дезинфекциялау жүргізілуде, мектептерде сабақтар кейінге шегеріліп, жолдар мен қоғамдық орындарда адамдардың дене температуралар өлшенуде.

Сонымен қатар Түрікменстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, COVID-19 диагнозын анықтауға арналған тест жүйелері сатып алынған, барлық медициналық мекемелер қорғаныс құралдарымен және киім-кешекпен жабдықталған.

Тәжікстанда да коронавирус дерегі тіркелмеген. Десе де аспан асты елі сақтық шаралары ретінде гуманитарлық көмек жіберді. Атап айтар болсақ, онда 1000 қорғаныс комбинезондарын, 500 дана дене қызуын қашықтықтан өлшейтін термометр, 1000 медициналық көзілдірік және дәл осы көлемде бір рет қолданылатын қорғаныш қолғаптары мен аяқ киімдері бар. Сондай-ақ, ҚХР мамандарға 2000 зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін COVID-19 коронавирусының нуклеин қышқылдарын анықтауға арналған реагент жиынтықтарын берді. Айта кетейік,  гуманитарлық көмек тапсыру тәжік-қытай шекарасындағы «Қарасу» шекара өткізу бекетінде жүргізілді.

 

Фото: currenttime.tv