Орталық Азия елдеріндегі короновируспен күрес шаралары

Орталық Азия елдеріндегі короновируспен күрес шаралары

Өзбекстан елдегі барлық әуежайлардың жұмысын тоқтатты. Бұндай шешімді коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында құрылған арнайы республикалық кеңес шығарды. Бұған қоса, Өзбекстан азаматтарына 20 сәуірге дейін жеке көліктерін пайдалануға тыйым салынады. Шектеу тек адам өмірімен байланысты шұғыл жағдайларға ғана қатысты болмайды. Айта кетейік, 30 наурыздың таңғы мәліметтеріне сай, Өзбекстанда коронавирус жұқтырудың 145 жағдайы тіркелді. Екі адам індеттен көз жұмса, жеті науқас емделіп шықты.

Ал Қырғызстанның Бішкек, Ош Және Жалал-Абад аймақтарында төтенше жағдай мен коменданттық сағат режимі еңгізілді. Олардың қатарында Ош облысындағы Ноокат, Қара-Суй, Жалал-Абад өңірінің Созақ аудандары бар. Ал елдің өзге аймақтарында төтенше жағдай еңгізілді. Ондағы соңғы мәліметтерге сай, ел бойынша 94 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Қатерлі індетке шалдыққандардың үшеуі ауыр халде жатыр.

Түркменстан билігі өкілдерінің мәлімдеуінше, елде коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Дейтұра, індеттің алдын алу үшін Ашхабадқа кіру және ел аумағында еркін қатынауға шектеулер қойылған. Сондай-ақ, республиканың бірқатар кәсіпорындары жұмысын уақытша тоқтатуға барған. Бұған қоса, қолма-қол ақшасыз азық-түлік сатып алуға шектеу қойылды. Күніне әр адам 80 манатқа дейін ғана есеп-айырыса алады.

Қытайлық миллиардер Джек Ма Орталық Азия аймағында короновируспен күрес шараларына демеу жасауға ниет танытты. Меценат қоры Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және індеттен жапа шеккен тағы 4 мемлекетке қорғаныш жабдықтарын жіберуге дайын екендіктерін айтты. Бұл елдерге 1,7 миллион дана медициналық маска, 165 000 бірлік тест жиынтығы мен қорғаныш киімдері және медициналық жабдықтар оның ішінде желдеткіштер мен дене қызуын өлшейтін термометрлер таратылады. Гуманитарлық көмек жақын күндері жететін болады.

 

Фото: tengrinews.kz