Орталық Азияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артуда

Орталық Азияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артуда

Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 60 адамға жетті. Бұл жөнінде елдің денсаулық сақтау министірлігі хабарлады. Әзірге Наманган аудандары мен  қаладан республиканың өзге аймақтарына көлік қатынасы уақытша тоқтатылды. Алайда жүк тасымалына шектеу қойылған жоқ.

Ал Қырғызстанда қатерлі індетке шалдыққан 42 адам тіркелді. Инфекция жұқтыру  жағдайлары Ошта - 20, Джалал-Абадта – 19, Бішкекте – 2 және бір науқас Баткен облысында анықталды. 22 сәуірге дейін елде төтенше жағдай жарияланды. 25 наурыздан 15 сәуірге дейін Бішкек, Ош, Джалал-Абад пен Қырғызстанның бірқатар аудандарында төтенше жағдай режимі еңгізілді.

Қазіргі таңда Тәжікстанда короновирустың бір де бір жағдайы тіркелген жоқ. Карантинге 3156 адам жабылды. Олардың 107-сі – шетел азаматтары. 

Түркменстанда да елде COVID-19 инфекциясын таратпау қамында сақтық шаралары күшейтіліп жатыр. Бүгінде республика аумағында қатерлі дерт жұқтыру жағдайы тіркелмеген. Сырттан инфекция еңгізбеу үшін ел үкіметі барлық қорғаныс шараларын қолға алды. Ірі қалаларда қосымша бақылау бекеттері құрылды. Барлық турнирлер шегерілді. Үстіміздегі жылдың 20 сәуіріне дейін шетел азаматтарына мемлекеттік шекараны кесуге шектеу қойылды.

 

 ​Фото: currenttime.tv