Наурыз – адамгершілік мейрамы

Наурыз – адамгершілік мейрамы

Үш мың жылдан бері Балқаннан Орталық Азияға дейінгі алып аумақта тойланып келе жатқан Наурыз – бойына адамгершілік, достық пен төзімділік сынды құндылықтарды сіңірген мейрам.

ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұраларының тізіміне енгізілген мерекеде адамдар өздерінің өкпе реніштерін ұмытып, бір-біріне деген ізгі тілектерін жеткізуге тырысады. Осы ретте Бішкек қаласындағы қазақ дисапорасының өкілдері, қырғыз ағайын Ұлыстың Ұлы күніне орай қазақстандықтарға өз тілектерін жолдады.

ӘЛИЯ ҚАРИЕВА, ҚЫРҒЫЗСТАНДА ТҰРАТЫН ҚАЗАҚ:

- Сонау заманнан бері қойымыз қоралас, ауылымыз аралас болған қырғыз бен қазақ, түйенің екі өркешіндей, Шу өзенінің екі жағасындай біз әрқашанда бірміз. Сол үшін біздің бірлігіміз ынтымағымыз, ортамызда жүрген бешбармағымыз бен бауырсағымыз қашан да ыстық  әрі дәмді болсын.

КЕРИМБЕК КАДЫРАКУНОВ, ҚЫРҒЫЗСТАН АҚЫНЫ, АУДАРМАШЫ:

- Осы наурыз мейрамында қазақ-қырғыз елдерінің келешегі зор болып, елі, тұрмысы, бақуаты жақсы болып, түркі дүниесіндегі, ел арасындағы байланысымыз кеңейіп, өсіп-өне берсін. Шығармашалық байланыстарымыз нығая берсін дейміз. 

 

Авторы: Гүлжайнар Сүлейменова