Өзбекстанда коронавирус тағы 5 адамнан анықталды

Өзбекстанда коронавирус тағы 5 адамнан анықталды

Өзбекстанда Covid-19 жұқтырған тағы 5 адам анықталды. Инфекция 15 наурызда Франциядан келген алғашқы науқаспен қатынаста болған оның үш туысында қуатталды. Бұл жөнінде елдің Денсаулық сақтау министірлігі мәлімдеді. Екі жағдай түрлі рейстермен келген жолаушылардан анықталды. Олардың бірі 15 наурызда Стамбулдан ұшып шығып,Ташкентте түскен. Келесі азамат 14наурыздаӨзбекстан астанасына Лондоннан келген. Осылайша, қазіргі таңда Өзбекстанда короновирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 23 адамға жетті. Ведомствоның хабарлауынша, олардың барлығы оқшауланып, стационарға жатқызылды. 

 

Фото: ria.ru