Тәжікстан карантинге жатқызылуы тиіс азаматтар келетін елдердің тізімін кеңейтті

Тәжікстан карантинге жатқызылуы тиіс азаматтар келетін елдердің тізімін кеңейтті

Тәжікстан екі апта мерзімге карантинге жатқызылатын азаматтар келетін елдердің тізімін кеңейтті. Бұдан былай, аталмыш санатқа Қытай, Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Ауғанстан мен Италияға тағы 11 мемлекет қосылды.

Олардың қатарын Франция, Испания, Швеция, Швейцария, Ұлыбритания, Норвегия, Германия, Нидерланд, Бельгия, Дания және АҚШ толықтырды. Республиканың бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, бұл тәртіп аталған елдерден келген тәжікстандық және шетелдік азаматтарға бірдей қатысты болады. Сақтық шаралары коронавирус инфекциясы төндіретін қауіптің алдын алып, елдің аумағында қатерлі дертті таратпаудың қамында қолға алынып отыр.

Фото:tj.sputniknews.ru