Орталық Азияның туристік әлеуеті

Орталық Азия әлемдегі ең тартымды туристік бағыттардың біріне айналып келеді. Аймақ елдерінің арасында өткен жылы саланың өсуі бойынша көшбасшы Өзбекстан Республикасы танылды. Екінші орында – Қазақстан. Қырғызстанда да туризм белсенді дамуда. Осы ретте біздің өлкені шетелдіктерге белгілі газет-журналдар ұсынатындығын атап өткен жөн. Мысалы, мұндай пікірді жыл сайын ең тартымды деген аймақтардың рейтингін түзіп отыратын танымал америкалық-австралиялық Lonely Planet жолсілтегішінің сарапшылары айтады, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

ЕРНҰР КЕНЖЕБЕКОВ, «KAZAKH TOURISM» ҰК АҚ МАРКЕТИНГ, ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

- Бұл тізімге Қазақстаннан басқа біздің көршілес елдер де кірді. Бұл Өзбекстан, Әзербайжан сынды мемлекеттер. Бұл жағдай отандық туризм үшін маңызды  болып табылады. Өйткені, біз Батыс елдерінен келетін туристердің бақылау арқылы олардың саяхатты қалай жоспарлайтынын көреміз. Көбіне олар бірден бірнеше өңірді аралап шығу жоспарын құрады. Бұл ақылға сыйымды жағдай.

Тағы бір шетелдік басылым The Telegraph өз оқырмандарына Орталық Азия мемлекеттеріне саяхат жасауды ұсынады. Отандық сарапшылар британдық таблоидтың мұндай оң бағасын бірнеше факторлармен түсіндіреді.  Бұл – с аяхатшылардың өңір халықтарының жарқын және өзіндік мәдениетіне деген қызығушылығының артуы, көркем табиғи жерлердің көптігі, және әрине елге кіру жүйесінің оңайлылығы.

Айтпақшы, Орталық Азия туроператорларының белсенді маркетингтік іс-шараларын өткізу де оң өзгерістерге өз үлесін қосатындығын атап өткен жөн.

Авторы: Ақзер Сегізбаева 

Фото: centralasia.media