Еуропалық Одақ Орталық Азияда сауданы дамытуға 15 млн еуро бөледі

Еуропалық Одақ Орталық Азия елдерінде сауданы дамыту бағдарламасына 15 миллион еуро бөледі. Аталмыш құжат аймақтың таур айналымы үрдісін халықаралық талаптарға сәйкестендіруге басымдық береді. Осы арқылы өңірдегі алыс-беріске қатысты  бірқатар кедергілер төмендетіліп, шағын және орта бизнестің әлемдік нарыққа шығуы көзделген.

Сондай-ақ төрт жылға бағытталған бағдарлама аясында электронды сауда саласының мамандарын оқытып, әйел кәсіпкерлігін дамыту жоспарланып отыр.

АШИШ ШАХ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ОРТАЛЫҒЫ АЙМАҚТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгінгі таңда, Орталық Азия елдерінің өзара тауар айналымы баяу өрбіп жатыр. Бұл көрсеткіш 5 ел арасындағы жалпы сауда саттық көлемінің тек жеті пайызын құрайды. Біз компанияларды қолдаудың арқасында траншекаралық кедергілерді еңсеріп, әлемдік интернет саудасы жүйесіне қосудыі көздеп отырмыз. Осылайша, Еуропалық одақ мемлекеттерімен экономикалық байланыс орнатылып, аймақ халықаралық нарыққа енеді. Нәтижесінде тауар айналымы ұлғаяды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: delo.ua