Өзбекстанның туристік әлеуеті

Құпиясы әлі ашыла қоймаған археологиялық ескерткіштер, көркі көз тойдырар киім-кешектер, құлақ құрышын тойдырар әуендер.

Ташкенттегі туристік жәрмеңкеге келушілер Өзбекстанды жаңа қырынан тани алады. Шараға белгілі қолөнер шеберлері де келген. Мысалы, әндіжандық ұсталар дамаск болатынан қанжарлар соғады. Ал қолөнершілер нәзік орамалдар тоқиды.

ШАХЛО ОЛИЕВА, ӘНДІЖАН ОБЛЫСЫ ҚОЛӨНЕРШІЛЕРІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Мына жылы орамалдар қойдың жүнінен қолмен тоқылады. Ббұл өнімдер тіпті Орынборға дейін жеткізіледі.

Экстремалды туризмді жаны сүйетіндер ірі қалалардан тыс қызық іздейді. Олар үшін мұнда демалыстың жаңа түрі дамытылуда. Туристік пакет «Орта ғасырлардағы көшпенді» деп аталады.

УЛУГБЕК КАСИМХОДЖАЕВ, ӨЗБЕКСТАННЫҢ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біз этникалық шаһарлар, этникалық туристік ауылдар саламыз. Турист өзін XVIII ғасырға түскендей сезінеді. Қазір далаға бір киіз үй орнаттық. Қазір Қарақалпақстанда, Бұхарада киіз үйлер ауылын салып жатырмыз.

Сондай-ақ Өзбекстан саяхатшыларды гастрономиялық сапарларға шақырады. Осы аталғандардың барлығы мемлекетке туристік әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Биылғы жылдың өзінде елге келетін туристер саны елу пайызға артқан.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: centralasia.news