Қырғызстандағы түйебұршақ өңдеу кәсіпорнында жаңа технологиялар ендірілді

Қырғызстанның Талас облысында түйебұршақ өңдеу кәсіпорнында жаңа технологиялар ендірілді. Автоматтандырылған құрал-жабдықтарды орнатудың нәтижесінде жұмыс жылдамдығы артып, өнімділік пен сапа көрсеткіштері өсті. 

Цифрлық желіні басқарушы Эрнис Зияловтың айтуынша, барлық машиналарды бір оператор бақылайды және бұл өндірістегі іркілістердің алдын алады.

ЭРНИС ЗИЯЛОВ, КӘСІПОРЫННЫҢ БАС МАМАНЫ:

 - Бұл жерде түйебұршақ шаң-тозаңнан, қабығынан аршылады. Екінші батырманы бассақ, таза дәндер шірігендерінен ажыратылады, қолмен сұрыптаудың қажеті жоқ. Бұршақты бейне арқылы да көруге болады.

ЗАМИР КЕНЖЕШЕВ, КӘСІПКЕР:

 - Біз жеңілдетілген несиеге Қытайдан құрал-жабдықтар сатып алдық. Кәсіпорында 10 адам жұмыс істейді. Мысалы, бүгін «томат» сұрыпты түйебұршақты дайындап жатырмыз, оны жергілікті фермерлерден сатып аламыз.

Талас облысының ауылшаруашылық өнімдері жақсы танымал. Сол себепті түйебұршақты өңдеумен  және оны шетел нарықтарына экспорттаумен айналысатын кәсіпорындар арасында бәсекелестік жоғары. Жаңа технологияларды пайдаланудың артықшылығы мол.

Сондай-ақ өндірісті жаңартатын кәсіпкерлерге үкімет тарапынан жеңілдетілген несиелер қарастырылған.  

ҚАЗЫБЕК МЕДЕТБЕКОВ, ТАЛАС ОБЛЫСЫНЫҢ ДАМУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Соңғы 9 айда ашылған 38 кәсіпорынның 14-і – өңдеуші өндірістер. Мысалы, Бақай Ата ауылында түйебұршақ өңдеуші кәсіпорын 45 тонна өнім, Мыңбұлақтағысы 4 тоннаға дейін кептірілген жеміс шығарады.

Жаңа өндірістер өңірдің әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешуге ықпал етуде. Қосымша жұмыс орындары ашылып, экспорт көлемі еселенді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: dem.kg