Қырғызстанда минералды су өндіретін кәсіорын ашылды

Қырғызстанның Нарын өңірінде минералды су өндіретін кәсіорын ашылды. Жаңа зауыт кеңес үкіметі кезінде бұрғыланған ұңғыманың орнында салынды.

Жақында өндіріс іске қосылып, табиғи су шөлмектерге құйыла бастады. Тіршлік көзі 200 метрлік тереңдіктен тартылған құбырлар арқылы арнайы қорға жиналады. Кейін сұйықтықты газдандыру үшін сүзгіден өткізіп, 5 градусқа дейін салқындатылады.   

ТАЛАНТ МАДАНБЕКОВ, ӨНДІРІС БАСШЫСЫ:

 - Ұңғыманың маңында ешқандай құрылыс нысаны болған жоқ. Құр судың өзі ағып тұрған еді. Біз туысқандармен жиналып, оны шөлмектерге құямыз деп шештік. Бірігіп, мына шағын цехты салдық.  

Сағатына 100 шақты шөлмек шығарылатын өндірістің қуаты қазір 1000-ға жетті. Болашақта өндіріс көлемін 5 есеге дейін ұлғайту көзделген.

Қазір минералды суды экспорттауға сертификат алу келісімі қаралуда. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: trend.az