Қырғызстандағы киберқауіпсіздік мәселелері

Бірінші кезекте киберқауіпсіздік мәселелері. Қырғызстан виртуалды әлемнен төнетін сын-қатерлердің алдын алуға басымдық береді.

Әсіресе, жаһандық цифрлық жүйеге көшу үрдістері кешенді түрде жүріп жатқан ел үшін бұл аса маңызды. Бүгінде мемлекеттік органдар іштегі құжаттар айналымындағы қағазбастылықтан бас тартып, бұлтық технологияларды жаппай ендіруге кірісіп кетті. Енді ақпарат серверлерде сақталады. Құпия мәліметтерді алу үшін кибер шабуылдар жиілеп барады. Сарапшылар бұндай қылмыстарды терроризмге теңейді. Өйткені бұл – қоғамға төнген қауіп.

АЛТЫНБЕК ИСМАИЛОВ, ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІНІҢ  ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұндай шабуылдар бірінші кезекте бізден көпшілікке қолжетімсіз ақпаратты алу үшін жасалады. Екіншіден, оның құнын талап ету үшін. Бұндай киберқауіптен қорғану үшін алдымен хаттың қайдан келгенін, оны қандай мақсатта жібергенін және қандай ақпарат немесе мәлімет сұрап жатқаны бастан аяқ тексеріліп, сарапталуы тиіс.

Ел азаматтарының мүделері мен деректердің сақтығын қамтамасыз ету үшін Қырғыстанда 2019-2023 жылдарға арналған киберқауіпсіздік стратегиясының іс-шараларын жүзеге асыру жобасы қабылданды.

КУБАНЫЧ ШАТЕМИРОВ, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС МЕМЛЕКЕТТІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қырғызстанда 2023 жылға дейінгі киберқауіпсіздік стратегиясы құрылып, бекітілген болатын. Қазіргі таңда осы сала бойынша тәжірибе алмасуға дайын отырған шет мемлектеттер мен ірі деген халықаралық ұйымдармен нақты келісімдер жасалып қойылды. Олар бізге осы мәселеге қатысты сараптама жұмыстарын жасайтын болады. Бүгінде «Тундук» ведомствоаралық электронды байланыс жүйесі мен мемлекеттік қызмет түрлерінің электронды порталы сынды ақпараттық құралдарында бірінші кезекте қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлінеді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: delo.ua