Қырғызстанның алма бақтарында тамшылатып суару қолға алынуда

Қырғызстанда алма бақтарында минералды тыңайтқыштарды пайдалана отырып, микросуару технологиясын енгізудің бірегей әдістемесі сәтті қолданылуда.

Жыл сайын Ноокат ауданында 100 мың тоннаға дейін өнім алынады. Жергілікті аграршылардың пікірінше, өсімдіктерді суарудың мұндай тәсілі тек өнімділікті еселеп қана қоймайды, сонымен қатар ағаштардың өсуі мен дамуына да тиімді әсер етеді. Өйткені отырғызылған алма ағаштарының басым бөлігі аласа сұрыптарға жатады.

Абдулазиз Маматов – сортаң тартып, қараусыз қалған жерді гүлденген бақшаға айналдыру мақсатында тер төгіп, көп еңбектенген. 10 гектар аумаққа фермер 23 мыңнан астам алма ағашын отырғызған. Жобаны табысты жүзеге асырудың арқасында ол бағбандық шаруашылығын толығымен игерген.

АБДУЛАЗИЗ МАМАТОВ, НООКАТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 - Бастапқыда оңай болмады. Бірақ мен істің қыр-сырын зерттедім. Барлық көшеттер Польшадан әкелінген. Олардың арасында жони ханзада, редкап, гала, айдаред сияқты сорттар бар. Біздің климат оларға сай болып шықты. Тіпті поляктардың өздері таңғалады.

Экологиялық таза өнімді фермер шетелдік нарыққа экспорттауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар ол тәжірибесімен өз әріптестерімен бөлісуге ниетті. Ол үшін тіпті арнайы оқу орталығын ашуға дайын.

Авторы: Ақзер Сегізбаева 

Фото: kyrgyzkorm.kg