Тәжікстанда энергия үнемдейтін үйлер тұрғызыла бастады

Тәжікстанда энергия үнемдейтін үйлер тұрғызыла бастады.

Тұрғын үй елдің климаттық ерекшеліктеріне бейімделгендіктен, ішінде жайлы температураны ұстап тұруға мүмкіндік бар. Ақылды тұрғын-жайды салу кезіндегі басты шарт – оңтүстік-шығысқа - күнге қарай қарайтын верандасы мен терезесінің болуы. Үйдің солтүстік бөлігі тек желдету үшін тесіктермен жабдықталған.

Верандада орнатылған терезелер маңызды рөл атқарады. Олар тек жарық түсуі үшін ғана емес, жылу үшін де есептелген.

Мұндай үй тұрғызу жоспарын тәжікстандықтарға Францияның сәулетшілері мен инженерлері ұсынған. Олар елде энергия үнемдейтін тұрғын-жай жобасын бұрыннан дамытып келеді.

Мамандардың айтуынша, жаңа құрылыс салынған жерлерде бұрын үй жылыту үшін кесілген ағаштар саны 2 есеге азайған.

МУССО ТОЛИБОВ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Мұндай ғимараттарды тұрғызу үшін тек қана кірпіш қажет және қабырғаларды жылыту міндетті. Әдетте елімізде оны жасамайды. Төбенің жылуын сақтап тұру үшін қамыс немесе сабан төселген. Олар зиянкестерден қорғау мақсатында әкпен өңделеді.