Қырғызстан көкөністер мен жеміс-жидек экспортының көлемін арттырып келеді

Қырғызстан көкөністер мен жеміс-жидек экспортының көлемін арттырып келеді. Бағбандар жинаған өнім Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен қатар, алыс шет мемлекеттердің үлкен сұранысына ие.

Әсіресе, ағзаға пайдалы табиғи дәрумендерге толы құрма жемісіне тапсырыс берушілер көп.

ЖАСУР АЙДАРОВ, АРАВАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 - Біз құрманы көбіне Ресей мен Қазақстанға жөнелтеміз. Ол елдерде тұрақты сатып алушыларымыз бар. Өніміміз табиғи тазалығымен ерекшеленеді.

НУРЛАНБЕК КУБАТОВ, АРАВАН АУДАНДЫҚ АГРАРЛЫҚ ДАМУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МАМАНЫ:

 - Біздің ауданымызда 130 гектарға тарта құрма бағы бар. Жыл сайын жиналған өнімнің 60 пайызға жуығы экспортқа жіберіледі. Өткен жылы осы жемістің 300 тоннасын сыртқа тасымалдадық. Биыл экспорт көлемін арттыру көзделген.

Ош ауданының шаруалары құрмамен қатар шие, шабдалы, өрік өнімдері экспортын жақсы жолға қойып алған. Осы маусымда ғана сыртқы нарыққа 7800 тонна ауылшаруашылық өнімдері жөнелтілді. 

АХМАТЖАН МАХАМАДОВ, ОШ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҮКІМЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Осы жылдан Қытай Халық Республикасына шие экспортын ресми түрде бастадық. Араван ауданында сұрыптап, қаптау цехы ашылды. Алдағы жылы шие экспортын 3 есеге ұлғайту көзделіп отыр.   

Өңірдің бағбандары мен диқандардын қолдау мақсатында логистикалық орталықтар, өнім сақтау қоймалары мен ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау зертханалары ашылды. Онда экспортқа жіберілетін өнім түрлеріне сертификат беріледі. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: kabar.kg